«Ақтөбе» клубының футболшыларына 41 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович бас бапкер ретінде таныстырылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Күні кеше Андрей Карпович келіссөздер жүргізу үшін Ақтөбеге ұшып келген еді. Ал бүгін қос тарап жаңа келісім-шартқа қол қойды.
«Ақжайықпен» болатын ертеңгі ойынға команданы бас бапкердің міндетін атқарушы Петр Бадло дайындауда.
Еске салайық, 8-ші турдың қорытындысы бойынша Андрей Карпович «Қызыл-Жар» командасынан өз еркімен кеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET