«Ақтөбе» жаңа қорғаушымен толықпақ

09.02.2023, 23:22


Aladop.kz спорттық порталына белгілі болғандай, "Пари НН" қорғаушысы Данил Пенчиков "Ақтөбеге" ауысуға жақын екен. 

"Зенит" футбол мектебінің түлегі өз мансабында "Томь" және "Нижний Новгород" командаларында доп тепкен. Соңғы аталған ұжым үшін Пенчиков 4 ойын өткізді. 24-жасар футболшы қаптал қорғаныстың кез-келген жағында өнер көрсете береді. Керек десеңіз, жартылай қорғаныста да жүгіріп беруге қауқары бар. 

Трансфермаркет футболшыны 250 мың еуроға бағалауда.

Айтып өтсек, "Қайраттың" экс-футболшысы Маки Баньяк қазірде "Пари НН" ұжымының намысын қорғап жүр.