Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» жақын арада жаңа бас бапкер тағайындайды

22.12.2020, 03:16
Бага «Жальгирис» клубымен келісімшартты бұзды.
Жарнама
Жарнама

"Жальгирис" клубы бас бапкер Алексей Баганың командадан кететіндігін мәлімдеді. Ол жақын арада "Ақтөбенің" жаттықтырушысы болып тағайындалуы мүмкін.

"Біздің жолдарымыз әр түрлі. Бас бапкер Алексей Бага мен оның көмекшісі Валерий Тарасенко "Жальгириспен" келісімшартты бұзу туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта клуб жаңа маман іздеуде", - деп жазады литвалық клубтың ресми сайты.

Бұған дейін Бага Қазақстан Премьер-лигасына оралған "Ақтөбе" клубымен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған болатын. Клубтың директоры Артур Смағұлов та Баганың бұл лауазымға басты үміткер екенін баса айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Алексей Баганың басшылығымен "Жальгирис" Литва чемпионы болды. Бұған дейін маман БАТЭ клубын жаттықтырған және бірнеше рет еуропалық жарыстарда "Астанамен" кездесті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров