Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» «Жетісуды» сенімді түрде жеңіп, турнирлік кестеде үш сатыға жоғарылады

27.09.2021, 00:57
Мұханов шәкірттері өз алаңында сенімді жеңіске қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 22-турында "Ақтөбе" мен "Жетісу" үш ұпайды сарапқа салды. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы гол 17-минутта соғылды. "Жетісу" қақпасының маңындағы қарбаласты өз пайдасына жаратқан Виталий Балашов есеп ашты. Бұл оның "Ақтөбе" жейдесіндегі дебюттік голы. Ал 29-минутта Олег Чернышовтан пас алған Эрвен Мукам командасының екінші голын соғып, ойынның тағдырын шешті. "Жетісу" да қарап қалмай, "Ақтөбе" қақпасына 4 дәл соққы жасады. Бірақ бұлардың ешқайсысы Жасур Нарзиқұлов қақпасына дарымады.

Бұл жеңістен кейін Владимир Мұханов шәкірттері 27 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Талдықорғандық клуб сол баяғы ең соңғы орыннан тапжылмады (12 ұпай).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров