Жарнама
Жарнама

Ақтөбеде жаңа стадион салынбақ

02.09.2014, 20:27
Жарнама
Жарнама
"Келешекте Ақтөбе қаласында УЕФА-ның барлық талабына сай келетiн, 32 мың көрермен сиятын ауқымды стадион салынады” дейдi облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асылбек Құлмағанбетов.
“Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы стадио­ны 1975 жылы салынған. 12 мың адам сиятын стадион көрермендерге тарлық етедi. Әсiресе, еурокубоктық ойындарда “Ақтөбе” жанкүйер­лерiне орын жетпей қалады. Болашақта бұл мәселенiң де түйiнi шешiледi. Әзiрге стадион қаланың қай тұсына салынатыны нақтыланған жоқ. Жаңадан бой көтеретiн “Нұр Сити” шағын ауданына орналасуы да мүмкiн” дейдi спорт басқармасының бастығы.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров