Жарнама
Жарнама

«Ақтөбеде» жүрген Жерар Гоуға қазақстандық клуб көз тікті

03.02.2022, 22:30
Бұл команда африкалық шабуылшыны жаттығу жиынына шақырды.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» ивуарлық шабуылшы Жерар Гоуға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Гоу қазір «Ақтөбе» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Әзірге келісім-шарт туралы әңгіме қозғалған жоқ, шабуылшы бұл клубта тек жаттығу жасап, бабына келу үшін тер төгуде.

«Ордабасы» африкалық футболшыға қызығушылық танытып, оны оқу-жаттығу жиынына шақырды. Шымкенттік клуб Түркияға келген бойда Гоу команда сапына қосылады. Айта кетерлігі, қазір оның салмағы 92-93 келіні құрауда.

Бұған дейін «Ақтөбе» шабуылшының бапкерлер көңілінен шықпағанын хабарлаған болатын.

«Біз мұндай ойыншылардың көбін қуып жібердік. Мысал ретінде Жерар Гоуды айтуға болады. Өте танымал футболшы. Қараша айынан бері сөйлесіп, оның оқу-жаттығу жиынына келетінін білдік. Және артық салмағы бар екенін де білдік, дегенмен, ол бәрін реттеп, дайындалып келетінін айтты. Бірақ олай болмады.

Шынымды айтсам, оған қарап мен қатты таңқалдым. Бұл бізге деген құрметсіздік екенін бірден айттым. Оларда дайындалуға екі ай уақыт болды. Бірдеңе жасауға болар еді. Біз мұндай ойыншыларды қатарға қоса беретін әуесқой команда емеспіз», - деді клубтың бас директоры Ерлан Жамантаев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров