Жарнама
Жарнама

Ақтөбедегі Орталық стадионда жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін

07.12.2021, 01:40
Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталады деп жоспарлануда.
Жарнама
Жарнама

Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның басшылығы нысанды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Расталмаған мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстары келесі жылдың наурыз-сәуір айларында басталып, ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

«Ақтөбе» келесі маусымның бастапқы ойындарын СДЮСШОР №8 командасының резервтік стадионында өткізуді жоспарлап отыр, ал күн жылынған соң «Нефтяник» аренасына ауыспақшы. Алайда мұның барлығы Қазақстан футбол федерациясының сертификациясынан өткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Еліміздегі футбол органы резервтік стадиондарда ойнауға рұқсат бермесе, ақтөбеліктер өз алаңындағы матчтарын көршілес қалалардағы ареналарда өткізуге мәжбүр болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров