"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Астана" клубымен кездесті. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 15-минутында Ардақ Сәулеттің қақпа маңына қарай асырған пасын Максим Самородов өз пайдасына жаратып, матчтағы алғашқы голды соқты. Бірақ 85-минутта Марин Томасов айып алаңының сыртынан өз стилінде соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Осылайша, Андрей Тихонов шәкірттері 11 ұпай жинап, С тобырда екінші орын алды. "Ақтөбе" бір ғана ұпаймен соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET