«Ақтөбе» 68 жастағы ресейлік маман Владимир Мухановтың бас бапкер қызметінен кеткені туралы хабарлады.
«Таразбен» өткен ойыннан кейін «Ақтөбе» футбол клубы Владимир Мухановпен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, ресейлік маман «Ақтөбе» клубын 2021 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Сегіз турдан кейін ақтөбелік клуб Премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.
«Ақтөбенің» уақытша бас бапкері болып Петр Бадло тағайындалды.
Біздің серіктес: FONBET