Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» спорттық директоры қызметінен кетті

19.07.2021, 17:59
Ол аталған қызметке ағымдағы жылдың сәуір айында тағайындалған еді.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" футбол клубының спорттық директоры Асхат Қалжанов өз еркімен қызметінен кетті. Ол аталған қызметке ағымдағы жылдың сәуір айында тағайындалған еді.

Асхат Сағитжанұлы осыған дейін "Ақтөбе" ФК-да медиа-офицер, жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі қызметкер, футбол орталығының менеджері ретінде еңбек еткен болатын. 2015 жылдың қаңтар айында Ақтөбе футбол федерациясының бас хатшысы болып сайланып, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы ұйымның вице-президенті болған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап, осы ұйымның президенті ретінде еңбек етті. Сондай-ақ 2021 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров