Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» жаңа маусымға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

23.01.2022, 01:04
Клуб жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» клубы келер маусымға арналған бюджетіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының 2022 жылға жоспарланған бюджеті 3 млрд теңгені құрайды деген хабар тарады.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсанындағы «Облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті жүзеге асыру» туралы №406 қаулысына сәйкес клуб бюджеті 1,2 млрд теңгені құрайды. Бюджет ұлғайтылған жағдайда ресми хабарланатын болады», - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров