Жарнама
Жарнама

Ақындар дүлдүлі жалғасуда

28.09.2011, 01:34
Жарнама
Жарнама
Қазақ даласына енді қызығушылығымен танылып келе жатқан футбол ойынын сөз қыла отырып, аладоптың жас ақындары Абылай Қарин мен Есет Төлеш тағы бір мәрте айтысып, кім мықтыны анықтауға тырысты. Өнерлі жастардың ойлы сөздерін оқи отырып, бәйгеге қосылған жас тұлпарлардың шабысын байқап көріңіздер. А. Қарин: Айтысқа түскен ізі сан алыптың, Көшіне бағдар айтыс бар халықтың. Есет бауыр, кел айтысқа шақырамын, Бастайық асыл сөзін даналықтың. Е. Төлеш: Айтысайык, өнерден бұл қашпайын, Сөз бастасаң бәрін жерге тастайын. Ақсақ құлан секілді қазақ футболын, Қамшылатып, айтып мұңын бастайын. А. Қарин: Ақсақ дедің, оның дұрыс, бауырым, Тауып айттың асыл сөздің тәуірін. Жазылса екен ақсақ құлан емделіп, Көрсек екен құлан шабар дәуірін. Құлан деген өте жүйрік жануар, Маңдайында бес елідей бағы бар. Біздің футбол құлан болса, болсыншы, Шыдайықшы, әлі-ақ аяқ жазылар. Е. Төлеш: Жазылады, оған кәміл сенімім, Тек табылмай тұрғаны бар емінің. Өлтіргендей ақсақ құлан хан ұлын, Осал тұсын табар барлық «жемінің». Қазақ футбол үстем бізге жоғары, Талай шыңды бағындырар ол әлі. Бағы болса бес елі сол құланның, Әлем чемпионы бес рет хақ болары. А. Қарин: Үмітті үзбей, осыған нық сенейік, Алда талай жеңістерін көрейік. Біздің келері тек сөйлеу ғой, Асыл сөзбен бағамызды берейік. Демеуші ме ед: «Сөз сүйектен өтеді», Айқанымыз ұран болып жетеді. Халық сеніп, құрама мен клубтарға Ойларынан күмандары кетеді. Е. Төлеш: Дұрыс айттың тек үмітті серік деп, Біз кеттік-ау батыс жаққа еліктеп. Ойға алмаған ерліктерді жасайды, Үлгі аларлық мықтыларға еріп тек. Мылтықтай боп дайын тұрған оқталып, Әр көңілден қыза түскен отты алып. Таяу қалған бітуіне өтейік, Премьер-Лига ойындарына тоқталып. А. Қарин: «Жетісу» келе жатыр топ басында, «Шахтерым» келді енді дап қасына. Екеуі бір қатарда келе жатыр Қарайлай, жалтаң етіп жай артына. Артында «Астана» тұр жетемін деп, Жетіп ап, топтан асып кетемін деп. Болаттай қайсар мінез «Ақтөбеміз» Тырысып жүр қиындықтан өтемін деп. Е. Төлеш: Мынау төрттік чемпион боламын деп, Біреу күміс, ал біреу қоламын деп. Туған жерім, «Ақтөбе» өз клубым Топ жарса бақытқа да толамын тек. Өз ойы бар адамның бар санасы, Өз ойыңды айтып сен де ал санашы. Чемпион болар деп сен кімді айтар ең, Кімнің ұнап шабысы, жанталасы. А. Қарин: Қарағанды туған жерім, алтыным, Күндей болып жарқырашы, жарқыным. Әрине мен қалар едім бақытты, Болғанын бар Қарағанды халқының. Е. Төлеш: Қарағанды халқының бұл арманы, Қажет емес басқа тілек қалғаны. Бұл төрттіктің ақауы жоқ, сондықтан Жөн болады нақ мықтының алғаны. Ойламай-ак басқа жәйтты, өзгені, Бұл төртеуі тек алтынды көздеді. Чепиондар Лигасында алдағы Алтын алсын топтық кезеңге төзгені. А. Қарин: Біздің клубтар Европада доп теуіп, «Барса» менен «Челсилерді» ұтсыншы. Мақтанышпен асқақтатып қазақты, Барлық елім оларды үлгі тұтсыншы. Саспа, Есет, бұл күнге де жетерміз, Қиындықтан аттап әлі өтерміз. Әлемдік доп додасына қатысып, Аяқдоптық тұрғыдан біз өсерміз. Е. Төлеш: Аузыңа май, сөзіңе бұл қосылам, Жеңіс деген басталмай ма осыдан. Жанкүйер боп, әр ұжымға сенейік «Челси», «Барсаны» ұтса неден тосылам. «МЮ», «Реал», «Челсиді» ұтар тізіп кеп, Тоқтатпайық жанкүйерлікті үзіп тек, Барша клуб, қазақ атын танытар, Қарсы келген бар клубты сүзіп кет! Міне, осылайша қос ақынның айтысы аяқталды. Қазақ футболының жеңіске көмкерілер кезі алда екенін айта отырып, жанкүйер болуға үндеген бұл жас ақындардың қайсысы мықты деп таныдыңыз, сол ақынның атын жазып, пікір қалдырыңыздар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров