Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» алға озды

23.04.2012, 03:13
Жарнама
Жарнама

    Қазақстан премьер-лигасының VІІ тур ойындары тартысқа толы болды. Жұрт күтпеген нәтижелер де белең алды. Жалғасып келе жатқан үздік көрсеткіштердің де жібі сітінеді. Бұл айналымның қорытындысы бойынша Оралдың «Ақжайық» командасы турнир кестесін бастады.

   Талдықорғанда қонақта болған Оралдың «Ақжайығы» қарсыластарын 1:2 қапыда қалдырды. Ойынның 15 минутында айып добын А.Нұрғалиев тамаша орындап, «Жетісуді» алға шығарған болатын. Алайда «Ақжайық» ойыншысы М.Азовский  22 минутта бұрыштамадан көтерілген допты қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 1:1. Алаңдағы ойынның 76 минутында қонақтар есепті еселеді. Осылайша «Ақжайық» көш бастады.

    Бұл турдағы басты рекорд деп «Астана» мен «Оқжетпес» ойынын атап өтуге болады. Өйткені VI тур бойы бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай келе жатқан көкшетаулық команда, өзінің алғашқы 3 ұпайын еншіледі. Бұл ойында астаналық команда расында да фаворит еді, бірінші таймда 1:0 жеңіп те шыққан болатын. Алайда екінші тайм біз күтпеген нәтиже көрсетті. Бұл ойынның қаһарманы грузиялық легионер Давид Чегилишвили болды десек те болады. Ойында 3 допты қарсылас қақпасында тулатты. Ал бір  гол астаналық қорғаушы А.Бейсебеков «еншісіне» жазылды. Ия, бұл ойындағы 3 гол соңғы миуттарда соғылды.

   Өткен турда «Қайраттан» 1 ұпайды қанжығасына байлап қайтқан қызылорданың «Қайсары», бұл турда Павлодардың «Ертісін» өз алаңында 2:0 нәтижесімен жеңіп кетті. Павлодарлық команданың бұл маусымдағы алғашқы жеңілісі.

    Бұл маусымдағы турнир кестесінде жеңілістің ащы дәмін татпай келе жатқан екі команда бар болатын. Оның бірі-«Ертіс» болса, екіншісі-«Ордабасы» командасы. Алайда VII турда екі команда да қонақта есе жіберді.

  Сонымен VII тур ойындарының қорытындысы төмендегідей:

Атырау-Шахтер  0:2

Сұңқар-Тобыл     0:0

Тараз-Ордабасы  2:1

Қайсар-Ертіс        2:0

Астана-Оқжетпес  1:4

Жетісу-Ақжайық   1:2

Ақтөбе-Қайрат       1:1

О

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Г

Ұ

1

«Акжайык»

7

5

1

1

13 - 6

16

2

«Шахтер»

7

5

0

2

13 - 5

15

3

«Тараз»

7

5

0

2

8 - 5

15

4

«Иртыш»

7

4

2

1

15 - 6

14

5

«Тобол»

7

4

2

1

15 - 9

14

6

«Ордабасы»

6

3

2

1

9 - 5

11

7

«Атырау»

7

2

2

3

8 - 10

8

8

«Актобе»

7

2

2

3

7 - 5

8

9

«Кайрат»

7

2

2

3

7 - 10

8

10

«Астана»

6

2

1

3

9 - 12

7

11

«Жетысу»

7

2

0

5

10 - 18

6

12

«Сункар»

7

1

3

3

2 - 8

6

13

«Кайсар»

7

1

1

5

7 - 13

4

14

«Окжетпес»

7

1

0

6

7 - 18

3

Үздік  сұрмергендер

О

Ойыншы

Команда

Г (П)

1

Джолчиев Бауыржан «Тобол»

6 (0)

2

Юнузович Эдин «Жетысу»

5 (0)

3

Чагелишвили Давид «Окжетпес»

5 (0)

4

Лечич Мирослав «Тараз»

4 (0)

5

Зенькович Игорь «Акжайык»

4 (2)

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров