Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» Батыс дербиінде «Ақтөбеден» басым түсті

24.04.2021, 22:54
«Ақжайық» ұпай саны бойынша «Ақтөбемен» теңесті
Жарнама
Жарнама

"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында "Ақтөбемен" кездесті. Матч Орал қаласындағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 12-минутта "Ақжайық" командасының жартылай қорғаушысы Иван Антипов соқты. Есепті теңестіруге тырысқан Алексей Бага шәкірттері 78-минутта бір ойыншысынан айырылды. Михал Йерабек қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Екінші матч қатарынан жеңіліске ұшыраған "Ақтөбе" турнирлік кестеде 9 ұпаймен сегізінші орында тұр. Дәл осындай ұпай жинаған оралдық клуб бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров