Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» бес шетелдік ойыншымен толықты

30.06.2022, 23:59
Оралдық клуб өз әдетінен танбай сапасыз легионерлерді қатарына қосты.
Жарнама
Жарнама

Оралдық «Ақжайық» беларусь қақпашысы Родион Сямук, грузин шабуылшысы Тома Табатадзе, ресейлік жартылай қорғаушы Александр Вульфов, украиналық жартылай қорғаушы Илья Коваленко және серб шабуылшысы Джордже Ивковичпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Сямук мансабын Бресттің «Динамосында» бастады. 2011 жылы арман қуып кеткен қақпашы осы маусым басталар алдында осы клубқа қайта оралды және содан бері он кездесу өткізіп, қақпасына үш гол жіберіп алды.

33 жастағы қақпашы өз елінде «Волна», «Славия», «Гранит», «Сморгонь» және «Торпедо» командаларында ойнаған. Сонымен қатар ресейлік «Тамбовтың» да намысын қорғады.

Еске салайық, жақында «Ақжайық» украиналық қақпашы Константин Махновскиймен қоштасқан болатын.

Тома Табатадзе мансабын латвиялық «Олимпте» бастады, содан кейін Литвада «Круой» клубында ойнады. 2013-2019 жылдар аралығында Түркияның «Бартинспор», «Карадере», «Эскишехир», «Сомаспор» және т.б. командаларында доп тепті. Ойыншының соңғы клубы грузиялық «Сиони» болды, онда ол 31 матчта 8 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Александр Вульфов – мәскеулік «Локомотивтің» түлегі. Ресейде ол «Олимп-Долгопрудный», «Металлургте» өнер көрсетті. Вульфовтың соңғы кездері «Велес» сапында ойнап жүрді (34 матч).

Илья Коваленко бұған дейін Украинадан тыс жерде бір-ақ рет өнер көрсеткен. Өз елінде ол «Полтава», «Десна», «Ингулец», ЛНЗ клубтарының намысын қорғады. «Ақжайыққа» ауысқанға дейін литвалық «Экранас» командасына 3 айға жалға берілді, бірақ клуб сапында бірде-бір ойынға қатыспады.

Джордье Ивкович словениялық «Галеб Анкаран» клубын есептемегенде мансабының біршама бөлігін Сербияда өткізді. Шабуылшы оралдық клубқа белградтық ИМТ командасынан ауысып келді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров