Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» черногориялық шабуылшымен толықты

17.02.2022, 22:46
Футболшы соңғы маусымда 15 матч өткізіп, 4 гол соққан.
Жарнама
Жарнама

«Будучность» клубының баспасөз қызметі 28 жастағы черногориялық шабуылшы Шалета Кордичтің «Ақжайыққа» ауысқанын хабарлады.

Шалета Кордич – сербиялық «Войводинаның» түлегі. Бұған дейін ол сербиялық «Нови Сад», «Борца», черногориялық «Сутьеска», «Зета», «Подгорица», «Грбаль» және ресейлік «Чайка» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

Шабуылшының соңғы клубы черногориялық «Будучность» болды (15 матч, 4 гол).

Ойыншы Черногория құрамасында бір ғана ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров