Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» екі футболшымен қош айтысты

14.07.2021, 16:54
Қос футболшы да клубпен келісе отырып келісім-шарттарын бұзды.
Жарнама
Жарнама

Оралық «Ақжайық» 26 жастағы қақпашы Илья Караваевтың командадан кететіндігін мәлімдеді. Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Илья Караваев «Ақжайық» сапына 2019 жылдың наурыз айында қосылды. Содан бері ол барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, 17 гол жіберіп алды. Ал осы маусымда 6 матч өткізіп, 6 мәрте қақпасынан доа алып шығуға мәжбүр болды.

Ресейлік шабуылшы Дмитрий Мичуренков те оралдық клубтан кететін болды. Келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

Дмитрий «Ақжайыққа» осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері 17 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров