Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» екі украиналық футболшымен толықты

05.03.2021, 04:17
Бірі шабуыл шебінде, бірі қорғаныста ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Украиналық футболшылар Артем Барановский мен Микола Ковталюк «Ақжайық» клубына ауысты. Бұл туралы оралдық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

30 жастағы Барановскийдің соңғы клубы «Қызыл-Жар СК» болды, қорғаушы петропавлдық команда үшін он матч өткізді. Сондай-ақ 2019 жылы «Шахтер» ​​командасының намысын қорғады.

25 жастағы шабуылшы Ковталюктің соңғы командасы грузиндік «Дила» болды. Бұл елде ол сондай-ақ «Колхети-1913» пен «Динамо» (Тбилиси) клубтарында өнер көрсетті және чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Одан бөлек, футболшы «Колос», «Арсенал Киев», «Полтава», «Ильичевец», «Карпаты» клубтарында доп тепті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров