Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» камбэк жасап, «Каспийден» ұпай тартып алды

24.10.2021, 23:57
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында "Каспий" мен "Ақжайық" өзара мықтыны анықтады. Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 15-минутында Алексей Залеский есеп ашты. 30-минутта дәл осы футболшы пенальтиден мүлт кетпей, командасының екінші голын соқты. Оралдық клуб екінші тайм бастала салысымен есепті қысқартты. Бұл жолы Алексей Чичиков мергендігімен көзге түсті. Ал 69-минутта Михаил Гащенков таразы басын теңестіріп кетті.

"Ақжайық" бұл ойыннан кейін 32 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. 29 ұпайы бар "Каспий" екі саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров