Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» камбэк жасап, Қазақстан кубогінің жартылай финалына өтті

01.09.2022, 02:00
Алматылық клуб қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан кубогінің ширек финалында «Ақжайықты» қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймның қосымша уақытында алматылық клубтың шабуылшысы Вячеслав Швырев алаңнан қуылды. 77-минутта Сергей Кейлер айып добын тамаша орындап, алаң иелерін алға шығарды. Бірақ ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Виктор Васин өз қақпасына гол соғып алды. Ал 91-минутта Оралхан Өміртаев жеңіс голын соқты.

«Қайрат» – «Ақжайық» – 1:2

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер (к), Дамир Қасаболат, Виктор Васин, Сұлтанбек Астанов – Әділет Садыбеков, Антон Крачковский, Данияр Үсенов, Жоао Пауло – Вячеслав Швырёв, Артур Шушеначев;

Қосалқы құрам: Вадим Ульянов (қ) – Лев Кургин, Егор Ткаченко – Рустам Эмиров, Арсен Бораншыев, Адам Адахаджиев, Андрей Ульшин, Гүлжігіт Алықұлов, Еркебұлан Сейдахмет – Айбар Абдулла;

«Ақжайық»: Родион Сямук (қ) – Бауыржан Омаров, Виталий Приндета, Сергей Шустиков (к), Павел Назаренко – Рафаэль Сабино, Илья Коваленко, Петрос Аветисян, Лука Имнадзе, Артур Газданов – Тома Табатадзе;

Қосалқы құрам: Степан Сикач (қ) – Владимир Покатилов, Роман Божко, Эльдар Әбдірахманов, Руслан Хаиров – Батыр Мұқашев, Бекзат Иманғазиев, Александр Вулфов, Завен Бадоян, Ардақ Сәулет – Оралхан Өміртаев;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров