Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» Кипр чемпионатында бақ сынаған қазақстандық футболшымен келісім-шартқа отырды

28.02.2021, 20:38
Магомед өткен маусымда «Эрмис» клубында доп тепті.
Жарнама
Жарнама

Оралдық "Ақжайық" 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговпен еңбек келісім-шартын түзді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Парагульгов - Алматы футболының түлегі. Ол "Қайрат", семейлік "Спартак", "Ертіс" және "Қайсар" командаларында ойнады. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 51 матч өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. 2020 жылы ол кипрлік "Эрмис" клубына ауысып, онда 7 матч өткізді.

Еске салайық, "Ақжайық" бұған дейін Вячеслав Швырев, Илья Караваев, Наурызбек Жагоров, Сергей Литовченко, Павел Назаренко, Алексей Чичиков, Сергей Шустиков, Марат Бураев, Сослан Такулов, Евгений Яцкий, Мирам Сапанов және Еркін Тапалов сынды ойыншылармен келісім-шартқа отырған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров