Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» клубында төрт футболшы қаралымда жүр

16.02.2021, 15:31
Бұдан бөлек, оралдық клуб сапында Самат Сәрсенов пен Магомед Парагульгов жаттығып жүр.
Жарнама
Жарнама

Шабуылшылар Вячеслав Швырев пен Игорь Зенькович, сондай-ақ қорғаушылар Еркін Тапалов пен Мирам Сапанов "Ақжайық" клубының оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Вячеслав Швырев - "Қайраттың" тәрбиеленушісі. Өткен маусымда ол Бірінші лигада "Қайрат-Жастар" командасында ойнады. Вячеслав 11 матч өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Игорь Зенькович - БАТЭ-нің түлегі. Ол сонымен бірге Беларуссияның "Неман", "Химик", "Дарида", "Динамо" және "Днепр" клубтарында ойнады. 2012 жылдан бастап ол "Ақжайық", "Шахтер", "Тобыл", "Тараз", "Ақтөбе", "Атырау" және "Қайсар" сияқты клубтарда доп тепті. Өткен маусымда ол "Қызыл-Жар" сапында тек 3 матч өткізді.

Орал футболының тәрбиеленушісі Еркін Тапалов "Ақжайық" сапында Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін 2013 жылдың 24 тамызында "Востокқа" (2:2) қарсы матчта өткізді. Жалпы "Ақжайық" командасында 73 матч өткізіп, 1 гол соқты. 2019 жылы ол "Жетісу" клубында доп тепті (21 матч). Өткен маусымды "Каспий" клубында бастағанымен (2 матч), маусымды "Шахтер" ойыншысы ретінде аяқталды (12 матч, 1 гол).

Мирам Сапанов та "Ақжайықтың" түлегі. Соңғы екі маусым бойы "Жетісу" командасында өнер көрсетті. Ол талдықорғандық клуб жейдесінде 30 матч өткізген. Ал "Ақжайық" үшін 2013-2018 жылдар аралығында 84 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров