Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» клубының директоры өз орнын босатты

27.06.2022, 19:36
13 матчта 12 ұпай жинаған оралдық клуб турнирлік кестеде он үшінші орынға табан тіреді.
Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» клубының директоры Азамат Шайхы қызметінен кетті.

Ресми ақпаратқа сенсек, қазақстандық маман өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдаған. Ол оралдық клубты 2018 жылы тізгіндеген еді.

Азамат Ерболұлымен бірге клубтан бас бапкер Владимир Мазяр да кетеді деп күтілуде. «Ақжайық» соңғы жеті матчта небәрі екі ұпай иеленді. 13 матчта 12 ұпай жинаған оралдық клуб турнирлік кестеде он үшінші орынға табан тіреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров