Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» македониялық қорғаушымен толықты

10.09.2022, 21:28
28 жастағы футболшы оралдық клубта 94-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» футбол клубы македониялық қорғаушы Амир Билалимен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

28 жастағы футболшы оралдық клубта 94-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Билали - италиялық «Кремонезаның» түлегі. Футболшы «Лационың» жастар құрамасында да доп тепкен. Одан кейін словениялық «Целе», албаниялық «Бюлис», «Теута», «Партизани», македониялық «Работничка» және «Шкупи», сондай-ақ Румынияның «Академик Клинчени» клубтарында өнер көрсетті.

Қорғаушының соңғы командасы «Мезёкёвешд» болды. Ол венгриялық клубта биылғы жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров