"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші туры қарсаңында "Таразбен" кездесті. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды Мичуренков пенальтиден соқты. Ал 69-минутта Мирам Сапанов есепті еселеді. Араға екі минут салып Вячеслав Швырев матчтың нүктесін қойды.
Қоржындарына үш ұпай салған Влалимир Мазяр шәкірттері 28 ұпаймен қайтадан төртінші орынға көтерілді. Жамбылдық клуб 20 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET