Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» пен «Шахтер» ұпай бөлісті

23.06.2021, 03:08
«Ақжайық» турнирлік кестедегі позициясын сақтап қалды.
Жарнама
Жарнама

"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында қарағандылық "Шахтерды" қабылдады. Оралдағы "Ақжайық" стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 54-минутта соғылды. Сол қапталдан асырылған пасты Николай Ковталюк баспен қақпаға дәл бағыттап, командасын алға шығарды. Ал 63-минутта Ескендір Қыбырай көзге түсіп, таразы басын тең қылды.

Оралдық клуб 25 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Ал Магомед Адиев шәкірттері 16 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров