Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» қазақстандық қорғаушыны керек қылмады

26.07.2022, 19:22
Ол «Ақжайық» сапында ең көп матч өткізген футболшылардың бірі еді.
Жарнама
Жарнама

36 жастағы қорғаушы Мирам Сапанов «Ақжайықтан» кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сапанов оралдық клуб сапында 299 матч өткізіп, 15 гол соқты және орталық қорғаушылар арасында ең көп ойын өткізген, сондай-ақ ең көп гол соққан футболшы атанды.

Мирам биылғы маусымда 17 ойын өткізіп, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

«Ақжайық» бірнеше күн бұрын 26 жастағы сербиялық шабуылшы Джордже Ивковичпен қоштасқан еді.

Айта кетейік, оралдық клуб 14 шілде күні 39 жастағы молдовалық маман Игорь Пикущакты бас бапкер қызметіне тағайындады. Оның жетекшілігімен «Ақжайық» алғашқы «Каспийді» 3:1 есебімен, «Қызыл-Жарды» 1:0 есебімен ұтып, 9 матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров