Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» «Шахтерден» басым түсті

13.04.2021, 23:00
Бүгінгі матчқа «Шахтер» командасын Андрей Финонченко бас бапкер ретінде бастап келді.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың төртінші туры аясында "Ақжайықпен" кездесті. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Аренада" өтіп, 1:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына шешілді.

Ойындағы алғашқы голды 39-минутта "Ақжайық" командасының қорғаушысы Евгений Козлов соқты. Араға бес минут салып Айдос Тәттібаев есепті теңестірді. Ал 73-минутта "Шахтер" клубының жаңа ойыншысы Дэвид Атанаскоски өз қақпасына гол соғып алды.

Бірде-бір ұпайы жоқ қарағандылық клуб турнирлік кестенің соңғы сатысында тұр. Ал алтыншы ұпайына қол жеткізген оралдық команда сегізінші орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров