Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» тағы екі ойыншымен толықты

20.02.2021, 21:56
«Ақжайық» сегіз ойыншымен келісім-шарт жасасты
Жарнама
Жарнама

Оралдық "Ақжайық" екі ойыншымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

33 жастағы украиналық шабуылшы Алексей Чичиков "Ворскла", "Днепр", "Звезда" және "Днепр-1" командаларында ойнаған. Сонымен бірге мәскеулік "Локомотив" сапында 1 матч өткізген. Жалпы, кәсіби мансабында 276 матч өткізіп, 44 гол соқты, 20 нәтижелі пас берді.

26 жастағы беларуссиялық қорғаушы Павел Назаренко өткен маусымды "Витебск" клубында өткізді, онда 28 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Бұрын ол Беларуссияның "Динамо Минск", "Береза-2010", "Белшина", "Динамо Брест", "Городея" және "Слуцк" командаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров