"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры қарсаңында "Ақжайықты" қабылдады. Матч "Түркістан Аренада" өтіп, 0:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына аяқталды.
Ойынның 72-минутында оралдық клубтың шабуылшысы Николай Ковталюк Еркін Тапаловтың керемет пасын голға айналдырды. Ал 75-минутта "Тұран" қорғаушысы өз айып алаңында қолмен ойнағаны үшін пенальти белгіленді. Ковталюк бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.
Кезекті үш ұпайына қол жеткізген Владимир Мазяр шәкірттері турнирлік кестедегі үшінші орынын сақтап қалды (21 ұпай). Қоржынында 12 ұпайы бар түркістандық ұжым он бірінші орында қала берді
Біздің серіктес: FONBET