Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» украиналық қақпашымен келісім-шартқа отырды

21.02.2021, 17:25
«Ақжайық» алдағы маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артпайтын секілді.
Жарнама
Жарнама

"Ақжайық" футбол клубы украиналық қақпашы Сергей Литовченкомен келісім-шарт түзгенін хабарлады.

Сергей - "Арсенал Харьков" клубының түлегі. 33 жастағы қақпашы украиналық "Олимпик", "Черноморец", "Вольны" командаларының намысын қорғаған. Өткен маусымда "Львов" клубында өнер көрсетті.

Айта кетейік, Литовченко бұған дейін "Ақтөбе" клубында қаралымда болған еді. Бірақ Алексей Бага 33 жастағы қақпашыны қажет етпеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров