Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» үш футболшымен толықты

19.02.2021, 17:17
Клуб сапында тағы бірнеше ойыншы қаралымда жүр.
Жарнама
Жарнама

"Ақжайық" үш футболшымен келісімшартқа отырғанын жариялады.

Орал футболының шәкірті Еркін Тапалов "Ақжайық" сапында Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін 2013 жылдың 24 тамызында "Востокқа" (2:2) қарсы матчта өткізді. Жалпы 27 жастағы жартылай қорғаушы "Ақжайық" клубында 120 матч өткізіп, 1 гол соқты. 2019 жылы ол "Жетісу" командасында доп тепті (21 матч). Өткен маусымды "Каспий" сапында бастап (2 матч), "Шахтер" клубында аяқтады (12 матч, 1 гол).

Мирам Сапанов та Орал футболының түлегі. 34 жастағы қорғаушы соңғы екі маусым бойы "Жетісу" сапында ойнады. Ол талдықорғандық клубта 30 матч өткізді. "Ақжайық" үшін 2013 жылдан 2018 жылға дейін 147 матч өткізіп, 10 гол соқты.

23 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Яцкий мансабын ресейлік "Сызрань" клубында бастаған. Одап бөлек, "Сокол", "Чайка", "Акрон" клубтарында доп тепкен. ФНЛ-дің ағымдағы маусымында 12 матчқа қатысып, нәтиже көрсете алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров