Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» жаңа бапкердің жетекшілігімен өткізген алғашқы матчында «Каспийді» жеңді

18.07.2022, 01:58
Оралдық клуб тоғыз матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.
«Ақжайық» жаңа бапкердің жетекшілігімен өткізген алғашқы матчында «Каспийді» жеңді
Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» Қазақстан кубогінің екінші турында «Каспийді» қабылдады. Матч Оралдағы «Ақжайық» стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Кездесудің 39-минутында Павел Киреенко Аслан Әділдің пасынан кейін «Каспийді» алға шығарды. 49-минутта таразы юасын теңестірген Тома Табатадзе 58-минутта дубль авторы атанды. Ал екі минуттан кейін Илья Коваленко ойынның нүктесін қойды.

«Ақжайық» – «Каспий» – 3:1

«Ақжайық»: Степан Сикач (қ) – Бауыржан Омаров (к), Мирам Сапанов, Виталий Приндета, Павел Назаренко – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук, Ардақ Сәулет (Александр Вульфов 67), Завен Бадоян – Лука Имнадзе, Оралхан Өміртаев;

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский (Виктор Дмитренко 68), Әлішер Сүлей – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа (Максим Ваганов 54), Рати Ардазишвили (Никола Цуцкич 55) – Павел Киреенко, Руан Телеш, Аслан Әділ;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров