Жарнама
Жарнама

«Ақжайықты» жеңген «Тараз» турнирлік кестеде көш бастады

16.05.2022, 02:50
Жамбылдық клубтың бұл ойында соққан екі голы да әдемі шықты.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші турында «Ақжайықпен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 6-минутында Милен Гамаков айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, есеп ашты. Ал 95-минутта Әлішер Сүлей кездесудің нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 11-тур

«Тараз» – «Ақжайық» – 2:0

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов, Берік Айтбаев, Мақсат Әмірханов (к) (Әділет Кеңесбек 77) – Милен Гамаков (Марат Шахметов 65), Абзал Таубай (Ерсұлтан Қалдыбеков 89) – Бауыржан Байтана, Дінмұхамед Қараман (Әлішер Сүлей 65), Жақып Кожамберді (Абылайхан Жұмабек 77);

«Ақжайық»: Степан Сикач (қ) – Ардақ Сәулет, Милош Стаменкович, Сергей Шустиков (к), Мирам Сапанов, Эльдар Абдрахманов (Бекзат Иманғазиев 82) – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук – Артур Газданов (Виталий Приндета 82), Завен Бадоян, Игорь Карпенко (Оралхан Өміртаев 46 (Мате Црнчевич 54));

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров