Жарнама
Жарнама

«Ақжайықтың» ресейлік футболшысы «Атырауға» ауысты

13.02.2022, 00:17
Бұл футболшы бұған дейін де Горовенкомен жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» 26 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Сослан Такуловпен келісім-шартқа отырды.

Ол Ресейде ставропольдік «Динамо», «Сатурн», сондай-ақ грузиялық «Рустави», белоруссиялық «Слуцк» және қарағандылық «Шахтер» командаларында ойнаған.

Ойыншының соңғы клубы «Ақжайық» болды, ол оралдық клуб жейдесінде 20 матч өткізді.

«Мұнайшылар» 21 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Сәбит Тастанбековпен де келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Тастанбеков – Маңғыстау футболының түлегі. Бұған дейін ол «Атыраудың» қосалқы командасында ойнаған. Ол өткен жылы Премьер-лигада дебют жасап, содан бері негізгі команда үшін 10 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров