Қазақстан мен Ресей құрамалары неге жасыл алаңда кездеспей жүр? Ұлттық құраманың бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов бұл жұмбақтың астарында саяси себептер болуы мүмкін екенін меңзеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл мәселеге қатысты өз болжамын айтты.
Поповтың пікірінше, екі елдің футбол федерациялары арасындағы үнсіздіктің артында тек спорттық емес, мемлекетаралық қарым-қатынастар жатуы мүмкін.
"Мүмкін, екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұрған болар. Ал егер шынына келсек — нақты себебін білмеймін. Жеке өзім үшін мұндай матч өте қызықты болар еді. Бұл Қазақстанның нақты деңгейін тексеруге жақсы мүмкіндік." — деді Попов.
Біздің серіктес: FONBET