Жарнама
Жарнама

"Аралар" жеңіске жетті

19.02.2017, 07:04
Жарнама
Жарнама
Бундеслиганың 21-тур аясында дортмундттық "Боруссия" өз алаңында "Вольфсбургты" қабылдап, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынның 20-минутында Дж.Брума өз қақпасына гол соғып, кездесудің есебін ашса, 48-минутта Л.Пищек есепті еселеп өз командасын алға жетелей білді, ойындағы соңғы гол 59-минутта У.Дембеленің еншісіне жазылды. Осы ойыннан кейін 21 ойында 37 ұпай жинаған дортмундттық "Боруссия" турнирлік кестеде 3-орынға жайғасса, өз кезегінде "Вольфсбург" 22 ұпаймен 14-орында. Естеріңізге сала кетсек, "Вольфсбург" дортмундттық "Боруссияны" соңғы рет 2015-жылдың мамыр айында ұтқан. Бундеслиганың келесі айналымында "Вольфсбург" "Вердер" клубын қабылдамақ, тиісінше дортмундттық "Боруссия" " Фрайбург" пен кездесу өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров