Түрік жартылай қорғаушысы ішкі чемпионаттың қыркүйек айында 4 матч өткізді.
Арда қыркүйекте өткізген 4 матчта 2 гол мен 2 голдық пас берді. Жартылай қорғаушы өз командасының “Реал Сосьедад” пен “Атлетикоға” қарсы кездесуінде гол соқты.
Осы бір нәтижесі үшін Ла Лига Гюлерді қыркүйек айының үздігі деп таныды.
Жалпы Арда Испания біріншілігінің осы маусымында 7 матч өткізіп, 3 гол мен 3 голдық пас берді.
Ал қазірде жартылай қорғаушы “Қайратқа” қарсы Алматыда Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бірінші тайм қорытындысы бойынша оның командасы 0:1 есебімен жеңуде.
Біздің серіктес: FONBET