Түркия құрамасы мен мадридтік «Реал» жартылай қорғаушысы Арда Гүлердің нарықтың бағасы аспандап кетті.
Transfermarkt порталының деректеріне сенсек, дәл қазір нарықтағы құны 60 млн еуроға жеткен. Осының алдында ғана 45 млн деп тұрғанын айта кету керек. Қазіргі жағдайды ескерсек, Арда Гүлер Түркия тарихындағы ең қымбат футболшы атанып отыр. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша рекорд 50 млн-ға бағаланған «Ювентус» жұлдызы Кенан Йылдызға тиесілі болатын. Алайда, «Реал» жұлдызының соңғы кездегі нәтижелеріне байланысты нарықтық құны айтарлықтай өсіп отыр. Естеріңізде болса, жартылай қорғаушы өткен аптада ғана командасының сапында «Қайратқа» қарсы тамаша матч өткізіп, испаниялық клубтың жеңісіне үлкен үлес қосқан. Гүлер матч бойы белсенді болып, бір ассисттің авторы атанды (үшінші голда Мбаппеге пас шығарды).
Біздің серіктес: FONBET