Жарнама
Жарнама

Ардагер футболшы: «Астана» өзінің үш ұпайын еш қиналмастан алуы тиіс

10.11.2024, 12:15

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес премьер-лиганың соңғы турындағы «Астана» - «Жетісу» матчына болжамын айтты.

«Пафос» - «Астана» кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Меніңше бұл кездесуде ешқандай тосын сый болмайды. «Астана» өзінің үш ұпайын еш қиналмастан алуы тиіс. Бүгін «Жетісу» ол ұпайларын тартып ала қоймас. Оның үстіне елордалық команда «Пафоспен» қосалқы құрамын ойнатып, негізгі футболшыларына тынығып алуға мүмкіндік берген еді. «Астана» соңғы турға тыңғылықты дайындықпен келді», - деді Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы. 

Айта кетейік, қазір сағат 14:00-де ел біріншілігінің соңғы тур ойындары басталады. «Атырау» мен «Қайрат» және «Астана» - «Жетісу» арасындағы кездесулерде ҚПЛ-2024 жеңімпазы анықталмақ. Соңғы тур алдында көшбасындағы алматылық клуб «Астанадан» бір ұпай алда тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров