Жарнама
Жарнама

Ардагер футболшы «Карабах» пен «Қайрат» жайлы: әзербайжандықтар анағұрлым мықты

07.11.2025, 13:20

«Динамо» мен Әзербайжан құрамасының бұрынғы футболшысы Вели Касумов «Карабах» пен «Қайратты» теңеп, өз пікірін айтыпты.

"Карабах" футболшылары
Жарнама
Жарнама

«Карабах» Әзербайжан ғана емес, бүкіл әлемді таңқалдыруда. Бұрын бұл клуб туралы ешкім де білмейтін. Алайда, қазір команда тамаша ойынымен есте қалуда. Дәл қазір «Карабах» еуропалық стильдегі футболды көрсетуде – техникалық тұрғыда керемет, жылдам, ал ең бастысы – тұрақты. Бүгінде «Карабах» пен «Қайратты» салыстыратын болсақ, әзербайжандықтар анағұрлым мықты. «Қайрат» енді-енді қадам басуда, бірақ деңгейі көтеріліп келеді», - деді ардагер Legalbet-ке берген сұқбатында.  

Қос клуб ЧЛ жалпы кезеңінде бақ сынауда. 4 турдан кейін «Карабах» 7 ұпаймен он бесінші тұрса, «Қайрат» 1 ұпаймен 34-орынға табан тіреуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров