Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Евтеев Нұралы Әліптің «Зенит» сапындағы өнері жайлы пікірін білдірді.
Отандық ардагер қазақстандық футболшының қазанның «Рубиніне» қарсы болған ойындағы шеберлігіне ерекше тоқталды.
«Нұралы екінші ойын қатарынан жақсы ойын өрнегін көрсетті - РПЛ-де «ЦСКАҒА» қарсы матчта да сенімді көрінген. «Рубинмен» кездесуде Әліп алаңда 90 минут өткізіп, сенімділігімен көзге түсті. Қателік жіберген жоқ. Кей сәттерде қапталмен ұйымдастырылған шабуылдарға араласып, «Зениттің» сапында өте белсенді болды. Жалпы алғанда бұл бәсекеде Нұралы Әліптің көрсеткен өнері жоғары бағаға лайық», - деді П. Евтеев.
Айта кетейік, Нұралы Әліп Санкт-Петерборлық клубқа 2022-жылы «Қайраттан» ауысып барған болатын. «Зенит» қазір РПЛ-де 4 турдан кейін бірінші орында келеді. Питерлік клубтың Ресей Кубогіндегі жағдайы да жаман емес.
Біздің серіктес: FONBET