Жарнама
Жарнама

Аргентина Финалиссима чемпионы атанды

02.06.2022, 13:44
Оңтүстік Америкадан келген ұжым Еуропа чемпионын ірі есеппее жеңді.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 1 маусымда Финалиссима деп аталатын жаңа турнир аясында Италия мен Аргентина құрамалары кездесті. Матч Лондондағы (Англия) «Уэмбли» стадионында өтіп, 3:0 Оңтүстік Америкадан келген ұжым жеңіске жетті.

Есеп бірінші таймда ашылды. 28-минутта шабуылшы Лаутаро Мартинес Лионель Мессидің пасынан кейін ашық қақпаға гол соқты. Бірінші таймның қосымша уақытында аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария есепті еселей түсті, нәтижелі пасты Лаутаро өз еншісіне жазды. Екінші таймның негізгі уақытында Пауло Дибала мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Италия құрамасы соңғы бес жылдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады. Соңғы рет «Скуадра Адзурра» 2017 жылдың қыркүйегінде Испаниядан үш гол айырмашылығымен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Италия өткен жазда Еуропа чемпионы атанса, Аргентина құрамасы Америка кубогін жеңіп алған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров