Аргентина Папу Гомес соққан голдың арқасында Парагвайдан айласын асырды

22.06.2021, 13:28
Аргентина сүреңсіз ойын көрсетсе де, үш ұпай алып кетуде.

Аргентина құрамасы Америка Кубогінің топтық кезеңінің үшінші турында Парагваймен кездесті. Матч Бразилиядағы «Мане Гарринча» атындағы ұлттық стадионында өтіп, 1:0 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталды.

Кездесудегі жеңісті голды 10-минутта Алехандро Гомес соқты. Анхель Ди Мария нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Аргентина құрамасы А тобында 7 ұпаймен көш бастап келеді. Парагвай құрамасы өз кезегінде 3 ұпай жинап, үшінші орында келеді.

Келесі турда аргентиналықтар Боливиямен кездеседі, ал Парагвай Чилимен матч өткізеді.