Жарнама
Жарнама

Аргентина Пуэрто-Риконы жолдастық кездесуде ойсырата жеңді

15.10.2025, 20:37

Аргентиналық Лео Месси сол матчта құрама деңгейінде голдық пас беру көрсеткіші бойынша Неймардан асып түсті.

Жарнама
Жарнама

15 қазанға қараған түні Аргентина жолдастық кездесуде Пуэрто-Риконы 6:0 есебімен тас-талқан етті. Сол матчта Лео Месси өз командаластарына 2 голдық пас берді.

Осылайша, шабуылшы ұлттық құрамада берген нәтижелі пастар санын 60-қа жеткізіп, еншісінде 58 голдық пасы бар Неймар мен америкалық Лэндон Донованнан оза шапты.

Айта кетейік, Месси альбиселесте жейдесінде 2005 жылдан бері доп теуіп келеді. 2022 жылы аргентиналық өз елінің ұлттық құрамасын Әлем чемпионатында топ жаруына көмектесті. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров