Жарнама
Жарнама

Аргентиналық футболшы ҚПЛ-де өнер көрсетеді

05.08.2020, 23:46
Премьер-Лиганың осы маусымына Италия азаматы болып шақыртылған екен.
Жарнама
Жарнама

Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» 30 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Пабло Подиомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Футболшы кәсіби мансабын отанында «Плайоса» клубында бастады. 2008 жылы ол Еуропаға көшіп, Словакияның «Шпорт» футбол клубында ойнады.

2017 жылғы сәтті ойынының арқасында Подио Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің матчтарына қатысқан Чехиялық «Фастав» футбол клубына шақырту алды. Сонымен қатар 2018 жылы ол әзірбайжандық «Кешля» командасының намысын қорғады. Бұған дейін ол «Ертіс» сапында ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік, Подио Аргентина, Италия және Словакия елінің төлқұжаттарына ие.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров