"Наполи" шабуылшысы Аркадиуш Милик мансабын "Марсельде" жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.
Дереккөздің хабарлауынша, 26 жастағы шабуылшы неаполитандықтармен келісімшартты 2022 жылға дейін ұзартады, содан кейін "Марсельге" жалға ауысады. Миликті жалға алу туралы келісімшартта 8 миллион еуроға сатып алудың міндетті нұсқасы қарастырылған, тағы 5 миллион еуро "Наполиге" бонус ретінде төленуі мүмкін. Милик француз клубымен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырады. Оның "Марсельдегі" жалақысы жылына 4,5 миллион еуроны құрайды.
Поляк шабуылшысы "Наполиге" 2016 жылдың жазында "Аякс" клубынан ауысып келді. Трансфер сомасы 32 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда ол Италия чемпионатының 26 матчына қатысып (19 - негізгі құрамда), 11 гол соқты, бес сары қағаз алды. Ал осы маусымда алаңға шыққан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET