Жарнама
Жарнама

Арман Кеңесов: «Ақтөбе» жейдесінде ойнау қазірдің өзінде абырой»

15.12.2021, 16:05
Жартылай қорғаушы жаңа командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов «Ақтөбеге» ауысуы туралы пікір білдірді:

- «Ақтөбе» секілді командаға қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл еліміздегі ең атақты клубтардың бірі. Мұнда өте тамаша жанкүйерлер бар, нағыз футбол қаласы. Мұның бәрі осындай шешім қабылдауда маңызды рөл атқарды. Бізге жүктелетін тапсырмаларды орындап, «Ақтөбені» еурокубокке шығарғым келеді.

- «Ертісте» 19-нөмірмен, ал СКА мен «Қайсарда» 80-нөмірмен ойнадыңыз. «Ақтөбеде» қай нөмірді таңдар едіңіз?

- Мен бұл туралы әлі ойлаған жоқпын. Өйткені «Ақтөбе» жейдесінде ойнау қазірдің өзінде абырой. Нөмірді маусым басталар тұста шешеміз деп ойлаймын.

- Қазақстан жастар құрамасы және басқа да клубтардың сапында Орталық стадионда ойнадыңыз. Сізге стадиондағы атмосфера ұнады ма?

- «Ертіс» ойыншысы болған кезде Ақтөбеге алғаш рет келгенім есімде. Қосалқы құрамда отырсам да денем түршігіп кетті. Өйткені мұндай еуропалық футбол атмосферасын бірінші рет сезіндім. Ол кездесуде біз жеңіп келе жатқанбыз, бірақ жанкүйерлер оларды соңына дейін қолдағандықтан, «Ақтөбеден» жеңіліп қалдық. Содан кейін Қазақстан жастар құрамасымен келгенде, жергілікті жанкүйерлер бізді қатты қолдады. Сонда мен мұнда ойнау мүлдем басқа деңгей екенін түсіндім. Мен мұны әрқашан есімде сақтаймын және бұл фактор клубты таңдау кезінде маңызды рөл атқарды. Жанкүйерлердің үмітін ақтап, жеңістермен қуанта аламын деген сенімдемін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров