Қазақстан Кубогы тарихындағы үздік сұрмерген Бірінші Лига деңгейінде қалып қойды ма?
Павлодар футболының түлегі Арман Смаилов кезінде “Ақжайықтың” әр матчында қанжығасын голмен майлап, көптің көңілін өзіне аудартып еді. Кейінірек Екібастұзда жүргенінде де жәй футболшы емес екенін дәлелдеді. Оның 28 матчтағы 16 голдық нәтижесі 2020/21 жылғы маусымда үздік деп саналды. Орал мен Павлодарда сәтті ойын көрсеткен Смаилов Премьер деңгейінде жүрген “Ақсуға” ауысты. Бірақ бұған дейін суперсұрмерген болып жүрген Арман гол соғуын жиілетіп, маусым соңына қарай карьерасын қайта бастау үшін “Ақжайыққа” оралды. Бұл шешімін Смаилов дұрыс қабылдады. Оралда Арман Бірінші Лиганың 4 матчында 4 гол соқты. Одан тағысы Қазақстан Кубогынде 6 ойында 13 гол соғып, жекелей рекордсмен атанды. Ай, мына шабуылшы жарып жатыр деген желеумен “Елімай” Смаиловты өз сапына қосты. Бірақ чемпионат басын жақсы бастағанымен, шабуылшы 12 матчта тек 4 голдық нәтижесімен көзге түсті. Ал Премьердің форварды үшін бұл нашар статистика саналады. Бір түсіп, бір көтерілген Арман сәтсіз маусымнан кейін өзінің туған өлкесіне ат басын бұрды. “Ертісте” ол биылғы чемпионатта 23 ойын өткізіп, 13 гол соқты. Көрсеткіш жаман емес! Алайда бір түсінгенім Арман Премьерге келгенде, қарқының баяулатып алады екен. Бірақ ер кезегі үшке дейін демекші, екі рет сүрінген Смаилов тағы бір рет жоғары лигаға барып қайтқаны өзіне де дұрыс болар. Әйтпесе, Арманда нағыз шабуылшы бойында болуы керекті қасиеттер баршылық. Тек соны жоғары деңгейде жетілдіру керек. Мүмкін сол кезде Смаилов есімі Премьерде бір жарқ етіп шығар. Бірақ ол үшін бүгіннен қалмай әрекетін жасау керек. Себебі, Арман осыдан сегіз жыл бұрын жылтындап тұрған жас емес.
Біздің серіктес: FONBET