Жарнама
Жарнама

Арман жолында қаза тапқан жас қақпашы…. Сенегалдық футболшыны клуб іріктеуге шақырған болып алдап өлтірген

20.10.2025, 14:10

Африка футбол әлемін дүр сілкіндірген ауыр хабар. Ганада 18 жастағы Сенегалдық қақпашы Шейх Туренің денесі табылды. Ол кәсіби клубтың қарауында болады деген үмітпен елден шыққан еді. 

Жарнама
Жарнама

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қылмыскерлер Шейх Турені футбол сынағына шақырған болып алдап, кейін оны ұрлап кеткен. Олар жас ойыншының отбасынан ірі көлемде ақша талап еткен. Алайда отбасы қажетті соманы жинай алмай, трагедиямен аяқталған.

Жергілікті полиция бұл істі аса ауыр қылмыс ретінде тергеп жатыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы уақытта Батыс Африкада талантты жас футболшыларды осылай алдап, "клуб сынағына шақыру” деген жалған уәдемен адам ұрлау оқиғалары жиілеп кеткен.

Шейх Туре — болашағынан зор үміт күттірген қақпашылардың бірі болған. Сенегалдағы жергілікті академиялардың бірінде жаттығып, бірнеше ай бұрын Ганада өтетін кәсіби іріктеуге қатысуға шақырту алған. Бірақ оның арманы сол сапарда үзілді.

Бұл оқиға Африка футболында жастардың қауіпсіздігі мәселесін қайта көтерді. Сарапшылар мен бапкерлер жастарды күмәнді ұсыныстардан сақ болуға және тек ресми агенттер арқылы байланыс орнатуға шақырып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров